5 ақпанда Орал қаласында Toyota Camry мен Ауди-80 автокөліктері соқтығысып, оның бірінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Polisia.kz. дерегінше, 5 ақпанда сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайырхан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
2003 жылғы Toyota жүргізушісі мен оның жанында болған жолаушы ауруханаға жеткізілді.