Қостанай облысында өрт қаупі жоғары кезеңдерде тұрғындардың орманға баруына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған өңір әкімдігінің қаулысында жазылған.
«Орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдік іс-шараларды жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын және орман пайдалану құқығы шектетілсін», - делінген қаулыда.
Құжат 2 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.