$498.34 €519.72 ₽4.85
×

2022 жылы 22 мың адам Қазақстан азаматтығын алды

AstanaTV
20.02.2023ж. 21:33
1084
2022 жылы 22 мың адам Қазақстан азаматтығын алды

Былтыр 22 мыңнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы ІІМ брифингінде айтылды.

"Тәуелсіздік жылдары бір миллионнан аса адам Қазақстан азаматтығын алды, ал былтыр – 22 мың адам, оның ішінде ҚР Президентінің Жарлығымен – 1375, жеңілдетілген тәртіппен – 20 мыңнан аса адам азаматтыққа қолжеткізді. Оның ішінде 17,5 мыңнан аса қандас (17 676), Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей арасындағы азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісім бойынша – 1287, тұрмысқа шыққан әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша – 1777", - делінген хабарламада.

ІІМ БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы өкілдігімен және ҮЕҰ-мен бірлесіп екі жыл ішінде құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтау және тіркеу бойынша кең ауқымды акция өткізілген.

"Акция нәтижесінде азаматтығы жоқ, құжаттары жоқ 8 мыңнан аса адам анықталды. Оның ішінде 5 мың адам Қазақстан азаматтығына жататынын растады және жеке куәліктер рәсімделді. 3 мыңнан аса азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді", - делінген хабарламада.