Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Павлодарда қазандықта болған жарылыстан 2 адам жарақат алды

21.02.2023ж. 20:00
1180
Павлодарда қазандықта болған жарылыстан 2 адам жарақат алды

Павлодарда жеке меншік нысандардың біріндегі қазандықта болған жарылыстан 2 адамды күйік шалды. 43 жастағы жұмысшының жағдайы ауыр. Денесінің басым бөлігі күйіп қалған. Науқас жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал жарақат алған тағы бір қызметкер ауруханаға жатудан бас тартқан.

Ернұр НҰРКЕБАЕВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Қазіргі кезде жағдайы ауыр. Ауырлығы дене күйігімен байланысты. Яғни, 40-45 пайыз күйік алған. Қазір жансақтау бөлімінде керекті ем шаралардың бәрін қабылдап жатыр. Есін біледі.

Жарылыстан ғимараттың жарты бөлігі қирап қалған. Ал қазандық газбен жұмыс істепті. Мамандардың айтуынша, жарылыстың нақты неден болғаны белгісіз.

Данияр АНДАСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Алдын ала қарау бойынша жарылыстың себебі ол газ ауа қоспасының жарылысы. Аталған жарылыс бойынша комиссия құрылады. Комиссия бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп, жарылыстың себебі анықталады.

Руслан САДЫҚОВ, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Болған оқиға бірдеңе айту әзір қиын. Құзырлы органдар тексеру жүрігізіп жатыр. Қорытындысы туралы айтатын боламыз. Зардап шеккен қызметкерімізге барлық жағынан көмектесетін боламыз.