$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанадағы көлік жуу орталықтары қатаң тексеріліп жатыр

AstanaTV
02.09.2016ж. 20:00
2970
Астанадағы көлік жуу орталықтары қатаң тексеріліп жатыр

Су ысырап болмауы тиіс. Астанада көлік жуу орындары жаппай тексеріліп жатыр. Бүгін сондай рейдтің бірін «Астана су арнасы» өткізіп, қала ішіндегі орталықтарды барлап шықты. Нәтижесінде, көлік жуу орындарының дені талапқа сай жұмыс істемейтіні анықталып отыр. Мәселен, мына стансада су бекерге төгіліп жатса, ал мына орталықта мүлдем тазалық атаулысы сақталмаған. Оның үстіне 24 сағат қызмет көрсететін орталықтарға тұрғындар тарапынан да соңғы уақытта шағым түсірушілер көбейген. Десе де енді жаңа талап бойынша көлік жуу орталықтары лас суды сүзгіден өткізіп, қайта тазартатын қондырғы орнатуға міндеттеліп жатыр. Оған жыл соңына дейін ғана уақыт берілген. Бірақ құны қымбат аппаратты кәсіпкерлер алуға қарсы.

Қондырғы шамамен 2 млн теңгеден басталады. Доллардың ескі бағамымен есептеген кездің өзінде. Қазір енді 3 млн асатын шығар. Оны алуға менің ақшам жоқ. Мына жердің жалдау ақысын әрең шығарып отырмын. Демек бизнесіміз жабылуы мүмкін. Аппаратты алуға 1-ші қаңтарға дейін уақыт беріліпті.

Уәлихан Досаев, «Астана су арнасы» МКК бас директоры:

Көлік жуу орталықтарына тазарту аппаратын орнатуға талап қойылып жатыр. Қала ішінде шамамен 130-дан астам станса бар. Бірақ соның тек бір-екеуінде ғана қондырғы қойылған. Жаңа жылдан кейін талапты нормативтік құжаттарға сәйкес сұрайтын боламыз.