Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды

AstanaTV
04.03.2023ж. 19:15
664
Анна Данилина Астанадағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Астана арнасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Анна Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген еді.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салды.

Матч аса тартысты өтті. Бірінші партияда Анна мен Ирина 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қарсыластары есе қайырды – 7:6 (10:8). Супер тай-брейкте Анна Данилина мен Ирина Шиманович жеңісті жұлып алды – 10:7.

Осылайша, А. Данилина биылғы бірінші титулына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Астанадағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.