$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Зорлық көрген сәбидің жағдайы оңалмай жатыр

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
2725
Зорлық көрген сәбидің жағдайы оңалмай жатыр

Ақтауда зорлық көрген алты жасар қыздың жағдайы әлі де ауыр. Бұл туралы «Астана» арнасының тілшілеріне  «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының баспасөз хатшысы хабарлады. Қазір отандық дәрігерлер бірқатар шетелдік әріптестерімен онлайн режимде байланыс орнатқан. Олар сәбиді емдеу жөнінде кеңестер мен нұсқаулықтар алып отыр. 

Еске салайық, 20 тамыз күні Ақтауда 6 жасар сәби жоғалып кеткен еді. Оны белгісіз біреу дүкеннен шыға бергенде ұрлап әкетіп, зорлаған. Жергілікті полицейлер баланы бірнеше сағаттан кейін қансырап жатқан жерінен табады. Сәби ауыр халде санавиациямен Астанаға жеткізілген еді.

Данияр Меңілбеков, «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының баспасөз хатшысы:

Халі өте ауыр, дәрігерлердің маған берген ақпараты бойынша қылмыскер сәбиді тұншықтырған және бас-ми жарақатын салған, соның салдарынан науқастың жағдайы оңалмай отыр.