Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара өтті

AstanaTV
06.03.2023ж. 20:00
841
Елордада «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Елордада «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Онда бас қаланың дамуы мен гүлденуі жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымы марапатталды.

Шара барасында «Байқоңыр» ауданында тұратын алтын құрсақты аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалары салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері мен коммуналдық салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ерлан ЖАУЛЫБАЕВ, "БАЙҚОҢЫР" АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осы қаламыздағы еңбек сіңірген апаларымызды, Байқоңыр ауданында осы бізбен, әкімдікке көмектесіп жүретін белсенді азаматшаларымызды 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып жатырмыз. Барлық аналарымызды, қарындастарымызды, апаларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Мемлекет және қоғам қайраткері, Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Асима Бимендина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова мен Бағдат Самединова да шараға қатысып, өздерінің жылы лебізін білдірді.

Майра ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Таңнан әйелдерді, қыздарды құттықтап жатыр. Өте жақсы болды! Күн суық болса да, біз жылынып қалдық. Сондықтан осындай Байқоңырдай жас аудандар өсе берсін, өне берсін. Біз әрқашанда келуге, кездесуге дайынбыз.

"Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген" әйелдер ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Мереке қарсаңында арулардың құшағы гүлге толды. Қалада мұндай мерекелік іс-шара әрбір ауданда, әр ұжымда өтіп жатыр.