Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 34 жастағы тұрғын зардап шекті

10.03.2023ж. 20:00
897
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 34 жастағы тұрғын зардап шекті

Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан 34 жастағы тұрғын зардап шекті. Оқиға Малайсары көшесінің бойында болған. Қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқан «МАЗ» маркалы жүк көлігінің борты ашылып кетіп, автобустың терезесін қиратты. Бұл қоғамдық көліктің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Аталған іске қатысты полиция іс қозғады. Дәрігерлер науқастың жағдайы ауыр - деп бағалап отыр.

Ақерке ҚАТРЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ ХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:

89 жылғы әйел адам жол көлік апатынан бет жақ жарақатымен жансақтау бөліміне түсті. Бүгінгі күні бет сүйектерінің реконструкциясы бойынша ота жасалынды. Қазіргі таңда жағдайы ауыр.