Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақмола облысындағы үш ауылдың атауы қазақша болады

AstanaTV
12.03.2023ж. 10:37
778
Ақмола облысындағы үш ауылдың атауы қазақша болады

Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын - Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», - делінген талқылауға шығарылға құжатта.