Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

AstanaTV
15.03.2023ж. 20:00
535
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, отырыс барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары баяндама жасады. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті. Жиын соңында ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

С. Оралбеков