Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Түркиядағы су тасқынынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті

AstanaTV
15.03.2023ж. 21:45
767
Түркиядағы су тасқынынан көз жұмғандар саны 10 адамға жетті

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа провинциясында сел тасқынынан қаза тапқандар саны 10 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шанлыурфада 14 наурызда толассыз жаңбыр жауған. Салдарынан тасқын су провинцияның әкімшілік орталығындағы бірқатар көше мен даңғылын басып қалған. Провинцияның өрт қызметінің мәліметінше, Вейсел Карани кварталындағы ғимараттардың бірінің жертөлесінен бес адамның мәйіті табылған. Олар сириялықтар. Осылайша, табиғи апат құрбандарының саны 10 адамға жетті.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.