$499.51 €525.83 ₽4.62
×

24 наурызда тұман, жел және су тасқынына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

AstanaTV
23.03.2023ж. 23:50
1189
24 наурызда тұман, жел және су тасқынына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Сонымен бірге республиканың 6 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының шығысында тұман. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы болады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы.

2023 жылғы 24 мен 26 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Ақтөбе (Қобда, Мартөк, Қарғалы, Хромтау, Әйтеке би, Ойыл, Алға, Ақтөбе қ. ауданы) және Қарағанды (Шет, Ақтоғай аудандары) облыстарында қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің кенеттен көтерілуі және судың жайылуы мүмкін.