$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен: екі қазақстандықтың біреуі іздестіріліп жатыр

AstanaTV
27.03.2023ж. 18:53
911
Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өткен: екі қазақстандықтың біреуі іздестіріліп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтуі туралы мәлімдеме жасады.

Ведомствоның мәліметіне жүгінсек, Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екінші азамат іздестіріліп жатыр.

«Бұл азаматтар Оңтүстік Кореяға осы жылдың 24 наурызында Ташкент қаласынан «Koreana» әуе компаниясының рейсімен келіп депортациялық рейсті күткені белгілі. Қазақстанның Сеул қаласындағы Елшілігі осы мәселе бойынша Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Өз кезегінде бұл жағдай болашақта Корея Республикасының құқық қорғау және иммиграциялық органдарын әсіресе Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күреске, сондай-ақ азаматтарға елге кіру тәртібін қатаңдатуға итермелеуі мүмкін екендігін атап өткен жөн», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.