Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қайта құрылған төрт облыста 4 тергеу изоляторы салынады

AstanaTV
28.03.2023ж. 22:06
1297
Қайта құрылған төрт облыста 4 тергеу изоляторы салынады

2024-2028 жылдары Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жаңадан 4 тергеу изоляторы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов Сенат отырысында айтты.

«Әлемдік стандарттарға жақындай түсу үшін сотталғандарды барақта жасақпен ұстау тәсілінен камерада ұстау тәсіліне көшу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір сотталғандарды камерада ұстайтын 9 мекеме бар. Онда 4 мыңнан астам сотталған азамат отыр. Биыл 8 тұрғын блогын қайта жарақтау жоспарланып отыр. Былтыр жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген болатын. Қажетті қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде камерада отыратындардың үлесі 28 пайызға жетеді немесе 5,5 мың адам болады», - деді ол.

Айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 абақты салу көзделіп отыр.

«Сондай-ақ, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу аясында қайта құрылған Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында мемлекет бюджеті есебінен 4 заманауи тергеу изоляторын салу көзделген. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 14 аралас қауіпсіздіктегі камерада ұстайтын мекеме, 5 тергеу изоляторын салу жоспарланған», - деді.