$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді

AstanaTV
16.09.2016ж. 20:00
2930
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді

Қызылорда облысында ауыл кәсіпкерлерінің саны артып келеді. Оған «Нұр Отан» партиясының «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы оң әсерін тигізуде. Аталған жоба биыл Қазақстанның бес облысында қолға алынған. Мал шаруашылығын дамытуға ниетті ауыл тұрғындары жоба арқылы шағын несие ала алады. Шара аясында Қызылорда облысында 304 мал бордақылау алаңы мен екі сүт қабылдау пункті ашылады деп жоспарланған. Осы арқылы 632 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұған дейін қорасында бірнеше бас сиыр ғана бағып келген Ақжарма ауылының түрғыны Әділбек Жиенбаев жобаға қатысып, асыл тұқымды ірі қараны көбейтуге кірісті. Айтуынша, несиелендірудің барлық шарттары ауыл тұрғындары үшін тиімді.

Әділбек Жиенбаев, жобаға қатысушы:

17 бас сиыр алдым, бір асыл тұқымды бұқа алдым. Осымен мал басын көбейту, асылдандыру деп талпынып жатырмыз, Аллаға шүкір. Бұл бағдарламаның жақсы жері - осы несиенің пайызы аз.

Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы партия филиалдары қоғамдық қабылдаудың бірыңғай күнін өткізді. Оған ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері қатысты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау қорының мамандары «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасының барлық мүмкіндіктерімен таныстыруда.

Мақсұт Баекеев, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісі:

Осы бағыттағы жұмыстарды насихаттандыру, ақпараттандыру болып танылады. Жалпы ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың бұл жобаға деген көзқарасы өте жоғары. Атап өту керек, бүгінгі кездесуде осы талқылау барысында осы несиенің мерзімін ұзату мәселесі секілді үлкен мәселелер қойылды.