$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап, жансақтау бөліміне түсті

AstanaTV
14.04.2023ж. 14:57
753
Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап, жансақтау бөліміне түсті

3 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады. Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көпеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Игорь Белобржицкий Alau.kz басылымына.