$523.72 €544.09 ₽5.2
×

"Астанада": Әлішер Кәрімов сүйіктісі жайлы жан сырын ақтарды

AstanaTV
21.04.2023ж. 16:10
1167
"Астанада": Әлішер Кәрімов сүйіктісі жайлы жан сырын ақтарды

Отандық әнші Әлішер Кәрімов алғаш рет сүйіктісі жайлы айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында алғаш рет жан сырын ақтарып, сүйгенінің Астана қаласынан екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов бағдарлама барысында "Сен маған керексің" әнін орындап болғаннан кейін тележүргізуші әншіден "Сізге кім керек? Құпияңызды ашыңыз енді. Той қашан, биыл ма", - деп сұрады.

"Әрине, әр адамға махаббат керек. Сезім білдіретін "сені сүйем, ғашықпын, сен ұнайсың" деген сөз көп. Ал "Сен маған керексің. Жанымда болу керексің. Немере сүйген кездерде, жұмақта жүрер бақтарда керексің" дейді.Бұл сөздерді айтатын адам бар ғой. Егер ол адам болмаса, осындай сезіммен тітіркеніп ән айтпаймын. Құдай қаласа, той альбомын шығардық. Әзірше сөйлеспей жүрміз. Бірақ мен жылдың аяғына дейін бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Қуанышпен келеміз. Ол - Астанада. Ешкім ешкімді ренжіткен жоқ. Бірақ үзіліс алып, ойланып, қайта қосылатын кез болады", - деді Әлішер Кәрімов.