$462.36 €493.48 ₽5.99
×

Оңтүстік Қазақстанда бір отбасы есірткі саудасымен айналысып келген

AstanaTV
06.04.2016ж. 20:00
2229
Оңтүстік Қазақстанда бір отбасы есірткі саудасымен айналысып келген

Оңтүстік Қазақстан облысында есірткі саудасы кәсіп еткен отбасының ісі әшкере болды. Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасы өкілдері Түлкібас ауданының тұрғындарын кезекті сауда кезінде қолға түсірген.

Құзырлы мекеменің дерегінше, ұйымдасқан топ есірткі затын көлікке жасырған. Отағасы ұйымдастырушы болса, оның екі бауыры алушыларды іздестірген, ал келіншегі есірткіні сақтаумен айналысқан. Олардың үйін тексеру кезінде бөшкеге салынған ірі көлемдегі марихуана табылды, - деді криминалдық полиция басқармасының бастығы. Айтуынша, бұл топ заңсыз саудамен ұзақ уақыттан бері айналысып келген. Әрі тауарды тек бөлшектеп сататын болған. Ұйымдасқандардың өз ісіне мұқияттығы сонша, оларды іздеу жұмыстарына жарты жылға жуық уақыт кеткен. Қолға түскендердің барлығы қамауда.

Нуриддин Дауылбаев, ОҚО ІІД  криминалдық полиция басқармасының бастығы:

Аталған жәйттер бойынша барлық қылмыстық топ қатысушыларына  ҚР ҚК 262 бабымен «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру, оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» туралы айып тағылды. Оларға жеткізген азаматтар жөнінде, олардың қайдан алу жөнінде қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол анықталатын болады тергеу барысында. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах