$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Атышулы «ЭКСПО» ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда

AstanaTV
06.04.2016ж. 20:00
1163
Атышулы «ЭКСПО» ісіне қатысты сот отырысы жалғасуда

«ЭКСПО» ісіне қатысты жаңа былықтар әшкере болды. Бүгін атышулы іс қаралған сот отырысында күдіктілердің бірі - құрылыс компаниясының директоры Сейіт Сейітов - Ермегияевтың мемлекеттен жымқырған қаржыға пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізгенін де жайып салды. Алайда, ол пәтердің Ермегияевтың иелігінде екеніне нақты дәлелі жоқ секілді. Өйткені жұмысқа тапсырысты делдал арқылы алдым дейді.

По моему мнению, это был его объект. - То есть это Ваше предположение. - Скажем так.

Кешегі жаңалықтарымызда осы іске қатысты 23 күдіктіден жауап алынып жатқанын хабарлаған едік. Солардың бірі Сейітов «ЭКСПО» компаниясының экс-жетекшісі жымқырған қаражатына бір емес, бірнеше зәулім үй мен қымбат көлік тізгіндегенін айтты.

Еске салайық, Талғат Ермегияевқа аса ірі көлемде мемлекет қаржысын қалтаға басты деген айып тағылды. Ермегияевтың өзі кінәсін мойындамай отыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА