$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қант көлемі жеткілікті, баға көтерілмейді», - мониторинг топ

03.05.2023ж. 20:00
960
«Қант көлемі жеткілікті, баға көтерілмейді», - мониторинг топ

Өткен жылы елімізде қант жетпей, халық біраз шулады. Әр адамға тек екі келіден беріліп, дүкендерде ұзын-сонар кезек болғаны есімізде. Халық «биыл да осы жағдай қайталанбай ма?» деп қорқып отыр. Осыны ескерген «AMANAT» партиясының мониторинг тобы қойма, дүкендер мен базарларды тексерді.

Арайлым Есімбекова, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Тауарлардың барлығы жеткілікті екеніндігі, қант мәселесінің ешқандай қолайсыздық туғызбайтыны көзіміз жетті. Белгілі қор, бір жылға жететін қор бар. Былтырға қарағанда қант бағасы 10 теңгеге арзан екенін көріп отырмыз.

Сондай-ақ, партиялық топ қарақұмық, күріш, макарон, өсімдік майының бағасын да бақылады. Қоймада өнім жеткілікті. Рейд барысында заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Динара Шәріпова, "ЕРТІС" ӘКК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өнімдердің бағасы бекітілді. Майдың бағасының литрі - 650 теңге, қарақұмық - 405 теңге, макарон - 285 теңге.