$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Әскерде жүріп ата-ананың, отбасының қадірін түсінесің», - жауынгер

04.05.2023ж. 20:00
1433
«Әскерде жүріп ата-ананың, отбасының қадірін түсінесің», - жауынгер

Ұлттық ұлан – тәуелсіздігіміздің тірегі, егемен еліміздің қорғаны. Ал онда қызмет ету – зор абырой мен құрмет. Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері күнделікті қызметке шығып, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Әріптесім Сүндет Оралбеков әскери бөлім жұмысы туралы кеңірек айтады.

Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұлттық ұлан жауынгерлерінің рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынған олар күндіз-түні кірпік қақпай жауынгерлік борышын атқарады.

Ұлттық ұлан сапында өзінің азаматтық борышын өтеп жатқан Рамазан Ахметов әскери өмірге оңай үйреніскенін айтады. Қызметі аяқталған соң осы салада тұрақтап, елімнің тыныштығын күзетсем дейді.

Рамазан АХМЕТОВ, ЖАУЫНГЕР:

Служить етіп жатқаныма 6 ай болды. 6 ай өткені білінбейді. Тез өтіп кеткен сияқты. Дым қиындығы жоқ деп ойлаймын өзім. Әркімнің өзіне байланысты, мінез-құлқына байланысты. Мұнда ата-ананың қадірін, үй ішінің қадірін білесің.

Мұнда сарбаздар қызмет етіп қана қоймайды, білімін де шыңдайды. Ал бос уақыттарын өздеріне арнайды. Кино көріп, кітап оқидыып, түрлі дәрістер тыңдайды.

Қайрат ӨҢГЕРБАЕВ, ТӘРБИЕ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Біз әрбір сарбазды жеке назарға аламыз. Олар психологтармен, командирлермен, кураторлармен тығыз байланыста болып, бірігіп жұмыс істейді. Бұл жауынгердің өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Әскери қызметі аяқталған соң да бұл қасиеттер оған көмектесері анық.

Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:

Сайдың тасындай қатар тізілген сарбаздар міндетін мүлтіксіз атқару үшін кез-келген жерге баруға дайын. Қаладағы тыныштық пен қауіпсіздік ұландардың кәсіби дайындығына тікелей байланысты.

Сымдай тартылған сарбаздардың денсаулығы күнде тексеріледі. Ол бірінші кезекте маңызды дейді рота командирі Әкімбек Баймырзаев.

Әкімбек БАЙМЫРЗАЕВ, 8-ШІ ЖЕДЕЛ МАҚСАТТАҒЫ РОТА КОМАНДИРІ:

Күнделікті Астана қаласында 4 ауданға 1200 сарбаз қызмет атқарады. Күн сайын 5-6 қылмыс ашылады. Ал мелкое хулиганство күніге 15-20 әкімшілік құқық бұзушылық қолға алынады.

Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:

Ұлттық ұлан сарбаздары аудандарға бөлініп жауынгерлік қызмет атқаруда. Біз қазір Алматы ауданындамыз. Бұл ауданға 300 сарбаз бөлінген. Олар қаланың тыныштығын кешкі 6 мен 12 нің арасында тік тұрып күзетеді. Қазір кезекшіліктің алғашқы екі сағаты өтті. Сарбаздардан сұрап көрейікші. Қызмет қалай жүруде. Қиындықтар болып жатқан жоқ па?

Абылай ҚАЙРОЛЛА, ЖАУЫНГЕР:

- Кезекшілік жақсы өтуде. Екі айналым айналып өттік. Өте жақсы бәрі.

- Қандай қызықты оқиғалар, немесе қылмыстарды құрықтадыңдар осыған дейін?

- Негізі көбінесе жоғалып кеткен кішкентай балаларды тауып, ата-анасына береміз. Және де ұялы телефондар, қымбат бұйымдарды тауып иелеріне қайтарып береміз.

Жауынгерлерге артылған жүк ауыр. Олар бейбіт күннің тыныштығын күзетеді.