Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Оқ-дәрі қоймалары отқа оранған Ресей өңірінде ТЖ режимі енгізілді

AstanaTV
07.05.2023ж. 12:55
970
Оқ-дәрі қоймалары отқа оранған Ресей өңірінде ТЖ режимі енгізілді

Ресейдің Свердлов облысының Реж қаласында жетінші мамырға қараған түні жергілікті оқ-дәрі қоймасында алапат өрт болып, төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, өрт алтыншы мамырда басталған. Бастапқыда өрт жақын маңдағы орманнан шыққан делінді. Кейінірек өрт оқ-дәрі қоймаларынан орманға қарай ұласқаны белгілі болды.

Қызыл жалын ауданы 960 шаршы метр болатын екі қойманың түгін қалдырмады. Тағы үш нысанды аман алып қалу мүмкін болды. Бұл маңда барлығы 20 оқ-дәрі қоймасы бар. Олар снарядтарды кәдеге жарату және өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру кәсіпорнына тиесілі.

БАҚ мәліметтері бойынша, олардың әрқайсысында 20 тоннаға дейін оқ-дәрі сақтаулы болуы мүмкін.

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін жергілікті тұрғындар қауіпті аймақтан эвакуациялана бастады. ТЖМ қызметкерлері 15 үйді эвакуациялауға шешім қабылданғаны туралы хабарлады, бұл шамамен 400 адам. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әлі мәлімет жоқ.