Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда белгісіз біреу итті күшігімен бірге қабырғаға тірідей бітеп тастаған

AstanaTV
07.05.2023ж. 13:41
843
Алматыда белгісіз біреу итті күшігімен бірге қабырғаға тірідей бітеп тастаған

Алматыда белгісіз біреу итті күшігімен бірге қабырғаға тірідей бітеп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inAlmaty сайтына сілтеме жасап. 

Ит пен күшіктерді әлеуметтік жобаның қызметкерлері тауып алған. Жерден шыққандай дауысты естіген қызметкерлер иттерді баррикададан алып шыққан. 

Артынша екі қызметкер иттерді бітеп кеткен адаммен сөйлесіп, егер мұндай әрекетін қайталайтын болса оның суретін Желіге салып жіберетіндерін айтқан. Одан бөлек, иттерді тауып алған екі қызметкер ер адамға жануарларға қатысты жасалатын қатыгездікке қары заң туралы түсіндірген.