Қазақ хандығының көне астанасы, орта ғасырдағы Алтын Орданың ірі сауда-сатық һәм экономикалық орталығына айналған Атыраудағы «Сарайшық» тарихи орны әлемдік туристік нысанға айналады. Киелі мекенде «Сарайшық» сапар орталығы ашылуы ерекше сән-салтанатымен өтті.
Ерекше сән-салтанатымен ашылған сапар орталығы Махамбет ауданындағы «Сарайшық» тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында орналасқан. Ескі музей небәрі 90 шаршы метр ғана болса, жаңа орталықтағы музей орналасқан аумақ төрт жарым есе кең: бірінші қабатта Алтын орда кезеңінің жәдігерлері мен тарихи құжаттары орналасқан 6 экспозициялық зал бар.
Әбілсейіт МҰҚТАР, «САРАЙШЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Алтын орданың астанасы болғандығы, Сарайшықтың ислам дінін дамытудағы рөлі, Сарайшықтың әлемдік деңгейде саясат, экономика, рухани байланыстарда өзіндік орны болғандығын дәлелдейді. Сонымен бірге Сарайшық жай қала емес, империялық қала қазақстандағы жалғыз.
Жобаны дамытуға 5 жылдық тұжырымдама бекітілген. Тек археологиялық қана емес, консевация, реставрация жұмыстарына да көңіл бөлінбек. Орталықты ашуына арнайы келген ҚР Мәдениет және Спорт министрі Асхат Оралов осылай дейді.
Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
Болашақта 5 жылдың ішінде даму жоспарын бекіттік. Бірқатар ғимараттар қоса салынатын болады. Көне Сарайшық қаласының тарихын ұлы адамдардың еңбектерін, ғалымдардың еңбектерін ұлықтау мақсатында жасалып жатқан қадамдар.
Сапар орталығында қонақ үй, асхана бар: алыс-жақыннан келетін туристерге түнеп, тарихи қаланың ерекшелігіне терең үңілуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ «Сарайшық» қорғау аймағы 55 гектардан 99 гектарға ұлғайған. Бір сөзбен айтқанда, көне қала орны ашық аспан астындағы музейге айналмақ.