$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Талдықорғанда белгісіз ер адам мас күйінде оқушыны соққыға жыққан

AstanaTV
16.05.2023ж. 10:28
816
Талдықорғанда белгісіз ер адам мас күйінде оқушыны соққыға жыққан

Талдықорған қаласында белгісіз ер адам мас күйінде оқушыны соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция басқармасына 46 жастағы әйел шағыммен келіп, ұлын белгісіз ересек адам ұрғанын айтқан.

Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірімді соққан Балпық би ауылының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жас жігіт қатты мас болған. Сондықтан ол жергілікті медициналық айықтырғышқа орналастырылды.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабында (Бұзақылық) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ведомство ақпаратында.