Павлодарда жас жұбайлар ашық аспан астында неке қиды. Шараны «Аmanat» партиясының Павлодар қалалық филиалы мен ақпарат және қоғамдық даму бөлімі халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырған. Мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Мерекелік кеште 3 жұп салтанатты түрде неке куәліктерін алды. Жиында жастардың ата-аналары мен туған туыстары қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Жас жұбайлар махабаттың симболы ретінде ақ көгершін ұшырып, мәңгі бірге болуға серттесті.
Ұлан және Сайидина, ЖАС ЖҰБАЙЛАР:
Бүгін, міне, үлкен өмірге қадам бастық. Неке куләгін алып, сақина алмастық. Енді бізге үлкен ата-әжелеріміздің жолын берсін бізге.
Санира ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Бүгін біз «Аmanat» партиясы қалалық филиалы және ішкі саясат бөлімімен партиялық «Бақытты отбасы» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Біздің жанұялардың болашағы ол біздің еліміздің болашағы. Егер отбасында татулық болса, «Отан от басынан басталады» дейді. Сонда біздің болашағымыз гүлдене бастайды.