Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада маусымнан бастап балабақша бағасы өседі

AstanaTV
19.05.2023ж. 18:12
1206
Астанада маусымнан бастап балабақша бағасы өседі

Маусымнан бастап Астанадағы мемлекеттік балабақшаларда тамақтану бағасы өседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана білім басқармасы "Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін 2023 жылға бекіту туралы" қаулысының жобасында осы мәселе көтерілген.

"Тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі нәтижесінде мемлекеттік балабақшалардағы ата-аналардың тамақтану ақысының құны тамақтануды ұйымдастыру шығындарын өтемейді", - делінген ашық талқыға шыққан құжатта.

Елорда әкімдігінің қаулысында көрсетілгендей, мектепке дейiнгi мемлекеттік білім беру ұйымдарында ата-ана төлемақысы мына мөлшерге қымбаттайды:

жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдар үшін - 41 718 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;

балалардың толық күндік шағын орталығы - 31 995 теңгеден 46 189 теңгеге дейін;

арнайы мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы және инклюзивті топтар үшін - 91 118 теңгеден 102 665 теңгеге дейін;

мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар үшін - 62 040 теңгеден 89 204 теңгеге дейін;

балалардың толық емес күндік топтары үшін - 18 066 теңгеден 20 202 теңгеге дейін;

мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда тамақтанғаны үшін ақы төлеу - 16 800 теңгеден 20 800 теңгеге дейін.

Құжат 3 маусымға дейін көпшілік талқылауында болады. Содан соң қолданысқа енгізіледі.