$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысындағы газдандыру бағдарламасы тоқтап қалды

AstanaTV
11.10.2016ж. 20:00
3419
Қызылорда облысындағы газдандыру бағдарламасы тоқтап қалды

Қызылорда облысында қарқынды басталған елді мекендерді газдандыру бағдарламасы уақытша тоқтатылды. Жергілікті билік «КазТрансГаз» АҚ қызметінен бас тартуға мәжбүр. Облыс әкімшілігінің дерегі бойынша, «КазТрансГаздың» инвестициясына «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралді газ құбыры тартылған. 210 мың тұрғын көгілдір отынның шапағатын көріп келеді. Ал Тереңөзек, Жалағаш, Жосалы кенттерді газдандыруға 11 миллиард теңгеден астам қаражат қажет. Облыс әкімшілігі «ҚазТрансГазтың» инвестициясын тартуды көздеген. Бірақ газ таратушы компанияның қызметінен бас тартуға тура келіпті. Өйткені компания табиғи газдың 1 мың текше метрін 19 мыңнан 40 мың теңге дейін көтереміз деп айтқан. Ал ол тұтынушылардың қалтасына үлкен соққы болмақ.  Сондықтан мамандар бюджет есебінен шешуді көздеп отыр.

Мерей Мейірбеков, облыстық энергетика және ТҮКШ басқарма басшысының орынбасары:

Қызылорда облысының әкімдігі бұл жобаларды республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ұсыныс өтінім экономика министрлігіне жіберді. Бүгінгі таңда ол жақтан да жауап күтілуде. Осы алдымыздағы 2017 жылғы біз барлық бюджеттік өтінімдерді ұсынып, әзірлеп, дайындап қойдық. Бұл облыс әкімінің тікелей бақылауындағы мәселе. 

Шарипа САҚТАПОВА