$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды

AstanaTV
25.05.2023ж. 16:00
885
Теміртау тұрғыны иттердің көрмесіне қатысам деп алданып қалды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 36 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны арызданды,-деп  хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша өзінің үй жануарын беделді иттер көрмесіне қатыстыруды армандаған.

Бұл арманын жүзеге асыруға Қарағанды қаласының белгісіз бір тұрғыны көмектесемін деп уәде берген. Жаңадан танысқан адам жәбірленушінің сеніміне кірген. Бұл арманды орындаудың құны 2,5 млн теңге екенін айтқан.

Жануарларды жақсы көретін жәбірленуші ақшасын аударған. Ақша аударғанымен арман орындалмаған.

Алаяқтың алдауына түскенін сезген азаматша бірден полицияға хабарласқан. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азаматша ұсталды.

Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.