$540.18 €628.93 ₽6.68
×

«AMANAT» партиясының өкілдері ерекше балаларға арналған ашық тренинг өткізді

«AMANAT» партиясының өкілдері ерекше балаларға арналған ашық тренинг өткізді

Бокс пен кикбоксингтен шеберлік сағаты өтті. Шараны «AMANAT» партиясы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай ұйымдастырды. Оған 4 пен 18 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар жандар қатысып, өнер көрсетті. Басты мақсат – қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, жігерлендіру дейді ұйымдастырушылар. Бұндай шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілді. Жаттығу көрсеткен спортшылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Ең бастысы осы біздің болашағымыз адами капиталымыз балалар болғандықтан біз үнемі қолдау көрсетіп ауылдағы спорт клубы білім алуын мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қолдау секілді үлкен-үлкен мәселелердің барлығы сайлау алды бағдарламасына енгізіліп қазіргі таңда біздің фракцияның атынан және бізде мәжілістегі біздің депутаттарымыз арқылы осы іске асуда.

Амал ЕСКЕНЕЕВ, ҚАТЫСУШЫ:

Бүгінгі тренинг өте қиын болды, бірақ қалай айтсам жағымды, маған ұнады. Иә, мен бақыттымын.