$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандықтар Түркияға демалысқа барудан бас тартып жатыр

31.05.2023ж. 20:00
955
Қазақстандықтар Түркияға демалысқа барудан бас тартып жатыр

Қазақстандықтандықтар Түркияға демалысқа барудан бас тартып жатыр. Туристік компаниялардың жазғы сатылым маусымы басталды, алайда Анадолы еліне сапарға аттанушылардың қарасы азайған. Мамандар бұл құбылысты Түрік лирасының құлдырауымен байланыстырып отыр.

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Қазір Түрік лирасы тарихи ең төмен деңгейде тұр, бір доллар 20 лирға шығады . Бұл бауырлас ел үшін қиын өзгерістерге алып келуі мүмкін. Себебі барлық салаларда қызмет көрсету құны айтарлықтай қымбаттап, ал жалақы керісінше төмендеген көрінеді. Сондай-ақ туризм саласының мамандардың айтуынша, Жерорта теңізінің жағалауында демалғысы келетіндер саны азайып бара жатыр. Себебі турпакеттің де бағасы биыл екі есе көтерілген.

Замира ХАСЕНОВА, ТУРИСТІК КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Соңғы 2-3 жылда байқағанымыз бойынша, Түркия бұрынғыдай бюджеттік демалыс өткізетін елдер қатарына жатпайды. Біздің отандастарымыздың арасында ең сұранысқа ие бағыт болғанымен, қонақ үйлер қатты қымбаттап кетті. Сондықтан жыл сайын Түркияға демалысқа баратын отбасылар қазір басқа бағыттарды қарастырып жатыр.

Түрік елінде жыл сайын қыңтар айында ең төменгі жалақы мөлшері өседі. Қазір ол 8500 лира, біздің теңгеріммен 184 мың теңге. Алайда бұл жалақыны бір айға жеткізу қиын көрінеді. Отандасымыз Алина 4 жыл бұрын Стамбулға оқуын жалғастыру үшін аттанған. Қазір Түрік елінде тұратын жас маманның айтуынша, түрік лирасымен жалақы алатындардың тұрмысы қиындап кеткен.

Алина ДЕМОКРАТОВА, СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Түрік елінің экономикасы осыдан 3-4 жыл бұрынғы жағдайға қарағанда өте үлкен айырмашылығы бар. Түркияның экономикасының әлсіреуі қатты сезіліп жатыр. Өйткені түркия лирасымен жалақы алатын адамдардың қазіргі сатынау күші өте төмендеді. Әсіресе далада тамақ ішу, киім-кешек, азық-түлік, жалдамалы пәтерлердің бағасы қатты өсті.

Ал бұл біздің экономикаға қалай әсер етеді?

Нұржан ӘБДІРАЗАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Әрине біз Түрік Республикасымен тығыз қарым қатынастағы, үлкен стратегиялық әріптес мемлекет ретінде бұл елдің ішінде болып жатқан экономикалық жағдай тура болмаса да, жанама деңгейде экономикамызға әсер етуі мүмкін. Ол экономикалық алыс-берісте, туризм саласында, және де сауда саттық айналасында көптеген әсерлері бар болуы мүмкін

Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ:

Астана телеарнасының Оралдағы меншікті тілшісі, әріптесім Еркін Карин қазір Анадолы елінде демалып жатыр. Түркиядағы жағдай туралы оның да айтары бар, Еркін, сөз сізде....

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Сәлем, Әйгерім. Биыл да нәсіп етіп, түрік еліне табан тіредік. Жақында президентін сайлаған елде қымбатшылық біртіндеп күшейіп жатыр.

Мұны тұрғындар да, туристік сала өкілдері де жасырмайды. Әсіресе азық-түліктің бағасы өскен. Мысалы, оралдықтарға қазір жеңсік саналатын қауын-қарбыздың келісі 1 доллардан. Бізде де осы бағам. Лираның әлсіреуі мұндағы демалушыларға әзірге ыңғайлы болғанымен, бағаның өсуі мүмкін.

Перизат Ихсанова, ТУРИСТ:

Түркия мемлекетіне жиі саяхаттап келемін, осы жолы лира өте қатты төмендеген екен. Жергілікті тұрғындарға өте қатты әсер етуде. Ал біздер үшін, шетел азаматтары үшін ешқандвй әсер еткен жоқ.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Қазір біз Анталия әуежайындамыз. Бағытымыз - Ыстамбұл. Мұндағы бағаның қаншалықты өзгергенін толығырақ тағы да баяндайтын боламыз.