Қазақстанда қанша бала бары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 16 жасқа дейін 6 162 мың бала бар, оның 51,4 пайызы ұлдар болса, 48,6 пайызы - қыздар. Қалалық жерлерде 3 664 мың бала тұрса, ауылдық жерлерде 2 497 мың бала бар.
Өңірлер бөлінісінде ең көп бала Түркістан облысында - 836 мың, одан кейін Алматыда және Алматы облысында, сәйкесінше 592 мың және 498 мың баладан.