Мысырда акула жеп қойған 23 жастағы ресейлік жігіттің әкесі "Пятый канал" телеарнасына берген сұхбатында оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ер адам Хургадаға демалуға келгендерін айтты. Ол өздері таңдаған жағажай қауіпсіз екеніне толық сенімді болған - қала ішінде орналасқан және көптеген яхта бар, бірақ акула емес. Сондықтан ол бұл оқиғаны жазатайым оқиға, тағдыр тәлкегі деп санайды.
Марқұмның әкесі бәрі өте тез болғанын айтты. Санаулы секундтарда теңіз жануары ұлын су астына сүйреп әкеткен.
"Жағажайға бардық. 30 секундта бәрі болып қойды. Түрлі жайғдайдың қисынсыз тоғысуы болды, өйткені бұл қала ішіндегі қауіпсіз жағажай. Маңайда өте көп кеме мен яхта бар, олардан жасқанады ... Мұндай бұрын-соңды болмаған. Бұл аймақтарда акула шабуылы болғаны туралы естіген жоқпын. Олар әдетте қала сыртында, алыс жағажайларда шабуыл жасайды. Бірнеше секунд ішінде етше тартып тастаса, қандай көмек көрсетесің? Оны су астына тартып әкетті", - деп бөлісті телеарна сұхбатшысы.
Арна мәліметінше, жігіттің өлімі сол кезде Мәскеуде болған анасына ауыр соққы болған. Баласының қаза болғаны туралы хабар әйелді шок күйге түсіген. Келген дәрігерлер оны пәтерден жедел жәрдемге дейін қолтықтап шығарған.
Көршісі әйел ұлының өлімін ауыр өткеріп жатқанын айтты - түні бойы қайғыдан айқайлап, жылаған.
Еске салайық, қайғылы оқиға 8 маусымда Хургадада болған. Қайғылы оқиғаның видеосы сол күні желіде тарап кетті. 23 жастағы ресейлік әкесімен бірге жағажайға демалуға барған. Бейнежазбада акуланың шабуылынан құтылуға тырысқан ер адамның суда жанталасып жүргенін көруге болады. Көмек сұрап айғайлағанымен, жыртқыш балық оны әкесінің көзінше су астына сүйреп әкеткен.