Канадада орман өрті өршіп тұр. 400-ден астам қызыл жалынның ошағы тіркелген. Жергілікті атқамінерлер тілсіз жау тамыздың аяғына дейін ауыздықталмайды дейді. Билік тағы мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшірмек. Осыған дейін 14 мың канадалық өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Ал өрттен шыққан түтін көршілес Американың ауасын ластап жатыр.
Франсуа БОННАРДЕЛЬ, КВЕБЕК ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МИНИСТРІ:
Квебек тарихында алғаш рет жергілікті билік пен өрт сөндірушілер бір уақытта қызыл жалынмен күресіп, көптеген адамдарды эвакуациялауда. Біз өртті жаз бойы жалғасады деп ойлаймыз. Және тілсіз жауды сөндірмейінше тоқтамаймыз.