Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жыл соңына дейін ұлттық валютаның бағамы күрделі өзгеріске ұшырамайды - Айдархан Құсайынов

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
2989
Жыл соңына дейін ұлттық валютаның бағамы күрделі өзгеріске ұшырамайды - Айдархан Құсайынов

Мұнай бағасы аса құлдырағанда ғана, доллар бағамы 340 теңгеден асуы мүмкін. Экономист Айдархан Құсайынов "Астана" арнасына берген сұхбатында осылай деді. Сарапшының пікірінше, қазір валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Дәліз 330-340 теңге аралығында қалыптасқан. Экономист болжамынша, бұл бағам жыл соңына дейін өзгермейді. Айта кетейік, бүгінде бір АҚШ ақшасы 330-331 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айдархан Құсайынов, экономист:

Мұнай бағасының көтерілуі қарсаңында теңгенің тұрақталу процесі бар екені байқалады. Бірақ осы 330 теңге көрсеткіші бұл ұсыныс пен сұраныстың жаңа балансына сай деуге болады. Егер қара алтынның бағасы құлдырай бастаса, онда теңгенің де жағдайы әлсірейді. Мұнда жоғарғы шекара ретінде 340 теңгені алып қарасақ, бұл қалыпты деуге негіз бар. Бұл баланс тек, мұнайдың бағасы ойға сыймайтын дәрежеге дейін төмендеп кетсе ғана, бұзылады. Менің ойымша, жыл соңына дейін осы 330-340 теңге бағамы сақталады