Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Президент волонтерлерді бүгінгінің батырына теңеді

AstanaTV
21.06.2023ж. 11:31
645
Президент волонтерлерді бүгінгінің батырына теңеді

Қоғамды қозғау – өмірлік ұстанымы белсенді, жауапкершілігі жоғары адамдардың қолынан келетін іс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер форумында осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еріктілік пен қайырымдылық дәстүрлері қоғамның дамуы мен жетілуінің негізі бола алады. Белсенді өмірлік ұстанымы бар және жауапкершілігі жоғары адамдар өз елі мен қоғамын өзгертетін драйвер бола алады. Біздің әрқайсымыздың қанымызда мейірімділік гені бар. Соны оятып, биік мақсаттарға пайдалана білу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент волонтерлерді бүгінгінің батырына теңеді.

«Қоғамның алдыңғы сапында жүргендіктен сіздерді нағыз қаһармандар, бүгінгі әлемнің үлгі тұтар бейнесі деуге болады. Мұқтаж жандарға тынымсыз көмек көрсетіп жүргендеріңізді, біліміңіз бен тәжірибеңізді өзгемен бөлісуге деген ұмтылыстарыңызды ерекше атау қажет. Сіздердің кішіпейілділіктеріңіз құрмет пен қошеметке лайық. Волонтерлік құндылықтарды насихаттап, басқаларды атсалысуға ынталандыру үшін сіздердің жұмыстарыңыздың маңызды екенін, табысты нәтижелерді әрдайым атап отыру керек», - деді Мемлекет басшысы.