$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Ұл ма, қыз ба?": Ерке Есмахан қуанышты жаңалықты сүйіншілеуге асық

AstanaTV
21.06.2023ж. 17:46
1318
"Ұл ма, қыз ба?": Ерке Есмахан қуанышты жаңалықты сүйіншілеуге асық

Әнші Ерке Есмахан жүктілікті сөз қылып жүрген көпшілікке сауал тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Басқа тақырыпқа көшейік. Неше айлық, мерзімі қашан деп отырсыздар? Ұл ма, қыз ба, оны да айтсаңыздар, біліп жүрейік. “Аяғы ауыр боп қалған соң үйленген екен” деп өрбітіп жатқандарға да бір сәлем. Өздері даттап та, жақтап та алатын менің Қазағым! Негізі сүйіншілететін күні өзіміз де асыға күтудеміз. Алла бұйыртсын”, – дейді әнші.

Ерке Есмахан көпшіліктен өзі жайлы жаңалықтардың бәріне сене бермеуге шақырды. Әнші оқырманын тағы бір жақсы жаңалығы барын айтып, қызықтырып қойды.

“Түйін! Өйтті, бүйтті, анау-мынау, 5 айлық, 6 айлық, бір-біріне жазылды, жазылмады, суретті өшірді, өшірмеді демей, ойланып, көздеріңізді ашып қарап, өсекке сенбей тыныш өмір сүріңіздер. Жаңалық өте көп. Күйеуім ұзақ жүріп бір шаруаны тындырды. Қуанышымызда шек жоқ. Шүкір. Алла жазса, жақын күндері бөлісемін. Сіздердің де шаңырақтарыңызда тек қуаныш, бақыт болсын”, – деп жазды өнер иесі.