Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тілшіміз базарда саудагер болып көрді

AstanaTV
15.10.2016ж. 20:00
3169
Тілшіміз базарда саудагер болып көрді

Көкөністерді шелегімен сатқанда саудагерлер астыңғы жағына шірігін, үстіне әдемі, ірілерін салатынын көп әйел біледі. Немесе баспақ етінің орнына кәрі сиырдың етін сатады. Жалпы қандай ет алсаң да -жас мал, міне түсіне қараңыз, деп өңмеңдеп тұратындарын да бәріміз білеміз. Үйге келіп, ассаң, кейде тіпті көп ретте тастай метін. Ал қант салынған қаптарды түнде су құйылған шелектердің қасына қоятын көрінеді. Түнімен ылғалды тартып, ауырлай береді. 50 келі қант 53-55 келі болып шыға келеді.Әрине, бәрі алаяқ деуге болмас...  Ал сауданы сауатты жүргізуді үйренген әйелдер «бірнеше саудагермен достасқан дұрыс» деп кеңес береді. Басында аздаған зат алу қажет. Жақсы болып шықса, «достасуды» бастау керек. Есімін жаттап алып, үнемі ақжарқын күйде амандасып жүруді айтады. Сөйтіп саудагер сізді есінде сақтайды да, сапалы азық-түлік сатады және алдамайды. Тіпті жеңілдік жасайды екен. Айгүл Әдепбай базарда сауда жасап көрді. Әрине, оған «анау-мынау» әдістерін көрсетіп, үстеме пайда көру жолдарын үйретпеген. Ал «дос» тапқан сияқты.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Бүгін Айгүл Әдепбай тағы да жаңа мамандық игеруге дайын. Сатушы боламын. Кеттік.

Бізге қазір тауарын сатуға келісетін сатушы тауып алу керек.

-Астана телеарнасынанбыз, сіздерге тауар сатуға көмектесейік деп едік. -Қашан? -Қазір. -Бола ма? -Иә.

Көмекшіден кім бас тарсын. Бір-екеуі келіспесе де, үшінші саудагер келісті.

-Форма жоқ, сондықтан маған өздерінің формаларын шешіп берді.

-Не істеу керек? -Клиенттерге зелень берем деп, айғайлау керек. -Айғайлау керек? Қалай айғайлаймын?

Алғашында рас, ұялдым айғайлауға. Бірақ біраздан соң...

-Зелень берем, зелень.

-Шөп аламыз, шөп.

 Көк шөптерді сөреге шығармас  бұрын, бөліп, кесіп, байлап дайындау керек. Сатушылар әдетте бір орамға аздау байлап, 100 теңге сұрайды. Өзім шөп жегіштің бірі болған соң, олардың бағасын бір кісідей білемін. Бір орамға байланған бірнеше тал шөпке, 100 теңгені кейде қимай қаласың. Сондықтан мен бір орамға көбірек байлауға тырыстым. Сатып алушыларды разы қылу үшін.

 Қыңыр клиенттер базарда көп күттірмейді. Өзім де сондайлардың бірімін негізі. «Мынау қай жердің тауары, жаңа келген бе, бұрыннан тұрған ба, жаңадан келгенін қайдан білемін», деген сарындағы сұрақтарды қойғыштың бірі менмін. Сөйтсем, онсыз да күні бойы аяқтан тік тұратын сатушылардың жүйкесін жұқартады екенмін.

-Кабачок 400? -Да, 400, -Да ты че сдурел? -А сколько вы хотите? -Бесплатно!

Бағалардың қымбаттығына да таң қалдым, мен.

-10 теңге? А, біреуі 10 теңге ма? Мына біреуі 10 теңге, мынау 100 теңге.

Камераны көргендер, түсірілімді қай кезде көрсетеді деп қызығумен болды.

-Қандай бағдарламаға түсіріп жатырсыздар? -Біздің уақыт. -Айгүл Әдепбай, Фейсбукте барсыз ба? -Бармын.

-Ой, мынау ауыр ғой.

Әншейінде дүкенде, не базарда есептеуіштің көмегіне жүгініп жатқан сатушыларды көргенде, не, тездетіп ойша санай алмай ма,- деп ойлайтынмын. Бірақ алдыңда бірнеше клиент тұрғанда, математика жайына қалады екен.

-8 на 150 я не могу умножить. мне калькулятор нужен.

-Вы дайте 70, а 70, менің математикам керемет енді.

-Келіңіз, апа, не аласыз, лимон 200 теңгеден, аласыз ба, таңдап алыңыз. Қайсысы ұнайды. 1800 берем иә, а 2 алды ғой. Мен сізді қазір банкрот қыламын.

Дегенмен базарда сауда жақсы. Бірақ сатушылар қанша пайда табатындарын ақыры айтпай қойды.

-Менен сатушы да шығады, жонглер де шығады.

Тағы бір деталь. Базарда байқасаңыз, кей сатушылар таразының үстіне кішкентай ыдыс қойып қояды. Өз басым үнемі осылар артық салмақ қосу үшін әдейі қояды деп ойлайтынмын. Сөйтсем...

 - Ал мынау салмақ қоспай ма? -Нет на нем  минус 200 стоит. -А оның салмағы алынып тасталған, иә.

Базарда мені танып жатқандар, саудаласуға кірісті.

-Ар жақтарда 400 теңгеден ғой. -Мен сізге келдім ғой. Әдемі болғанан кейін мен сізге келдім.

Тауарды өткізу үлкен өнер. Осы кезде «Уолл -стрит қасқыры» фильміндегі Леонардо ди Каприо сомдайтын басты кейіпкер есіме түсе берді еріксіз. Ол сатпайтын дүние қалмаған еді ғой.

«Уолл-стрит» қасқыры к/ф үзінді: -Продай мне эту ручку! Продай мне!

Ал мен...

- Мен негізі сата алмаймын.

Ақыры не керек, қарын ашты.

-Мен сізден бір банан сатып алып жесем бола ма? Қарным ашып кетті.

Сатушылар негізі сөреге әдемі жемісін қойып, сізге арғы жақтағы қораптардан салып береді ғой. Сөйтсем, сөренің ар жағында кәдімгі қораптар тұр. Сөредегі жемістер де солардан шыққан. Арасында шіріктері, бостары кездесіп қалғанда салмаңыз деп сатушылар алып тастап жатты, бәлкім камера тұрғасын сөйткен болар немесе маған кездескен сатушылар шетінен адал.

Кей адамдарда камераны көргенде әдеттегі реакция, яғни шындықты айтып жатты.

-Не дейсіз апа? – Телевидениеге түскенде басқа, а былайынша басқа баға. –Телевидениеге түсіргенде басқа баға, былайда басқа баға дейді.

Бұл жерден де табылды, қай бағдарламаға түсіріп жатқанымызға қызыққандар.

-Осы сенбі көресіз, сағат 8-де, -Бүгін бе? -Сенбі, сенбі. -Нендей канал, - Астана телеканалы.

Базардың аты базар. Сатушының «нервісіне» тиетін клиенттерді айтпағанда, ары-бері жүйткіген халық та шаршатады. Ол аз болса, көкөніс сатқанда, кір болмай тұра алмайсың.

-Қолым кір болып кетті мынаның ішінен. А тырнағымды қара, көрсетпей-ақ қояйын.

-Осымен Айгүл Әдепбайдың саудагерлік қызметі аяқталды. Менен қандай сатушы шыққанын өздеріңіз бағалай жатарсыздар. Келесі аптада жаңа мамандық иегерміз.