$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

AstanaTV
28.06.2023ж. 11:45
1452
Мемлекет басшысы Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.