Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шақыруға диктофон алып баратын болды

AstanaTV
18.10.2016ж. 20:00
2590
Қарағандыда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері шақыруға диктофон алып баратын болды

Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерлері шақыруға диктофон алып баратын болды. Науқас пен шұғыл көмекке келген медицина қызметкерінің арасындағы диалог басынан аяғына дейін осы құралға жазылады. Мұндай аудиожазбалар 1 жыл бойы құпия сақталады. Ол науқас пен медицина қызметкерінің арасындағы дауды шешу мақсатында ғана мұрағаттан алынып, тыңдалады. Жаңа жобаны ақ халаттылар екі жыл бойы талқылап, ақыры құқық қорғау орындарынан қолданысқа енгізуге рұқсат алды. Олардың айтуынша, диктофондағы диалог дәрігерлерді қорғап қана қоймай, жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені соңғы жылдары осы сала мамандарына шағымданатын тұрғындардың қатары көбейген. Сондай-ақ, науқастардан бейпіл сөздер естіп, таяқ жеп қайтқан дәрігерлер де баршылық. Бүгінде әрқайсы 23 мың теңгеден 60 құрал сатылып алынып, қаладағы барлық бекеттерге таратылды. Алда аймақтың басқа қалалары мен аудандарын да қамту жоспарланып отыр.

Роза Оразбаева, Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем бекеті директорының орынбасары:

Ұрыс-керіс болған уақытта біз енді сол жазбаны тауып аламыз диктофоннан. Ол қай күні, қай уақытта, қай бригада болды, ол уақытты, сосын диктофоннан сол жазбаны тауып аламыз, тыңдаймыз. Дәлелдеу үшін кімдікі дұрыс, кімдікі керіс екенін.