Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Бір гәп бар": Ninety One әншілері жаңа альбомды шығару қымбатқа түскенін айтты

AstanaTV
09.07.2023ж. 23:01
1370
"Бір гәп бар": Ninety One әншілері жаңа альбомды шығару қымбатқа түскенін айтты

Жақында ғана көптен күткен жаңа альбомын шығарған Ninety One тобы алдағы уақытта ел бойынша турға шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы топ мүшелері Jibek joly арнасындағы "Жаңа Түнгі студияда" бағдарламасында айтты.

Телебағдарламада Ninety One тобы жаңа альбомға 10 трек кіргенін мәлімдеді.

"Альбомның аты "Gap", альбомьның ішінде бір гәп бар. Альбомның жазылу барысында басымыздан өте көп оқиға өтті. Сондықтан осылай атадық, гәп дегенді "біраз" деуге, әңгіме деуге болады, бір гәп бар дегенді білдіреді", - деп жауап берді альбомның атына қатысты топ солистері.

Сұхбат барысында топ мүшелері бұл альбом мен бейнебаянның қымбатқа түскенін де тілге тиек етті.

"Біздің карерадағы ең қымбат бейнебаян. Дәл қазір қанша кеткенін айта алмаймыз. Өзіміз де білмей тұрмыз", - деп жауап берді Zaq лақап атымен танылған солист.

Сонымен қатар топ мүшелері алдағы уақытта осы альбом бойынша Қазақстан қалаларына тур жасайтындарын, жанкүйерлерімен жүздесетіндерін айтты.

"Біз бұл альбомды ұзақ күттік. Көптен бері жаңа әндер, бейнебаян шығарған жоқпыз. Ұзақ дайындалдық. Махабатымыз бен жанымызды салып жасағасын, бізге қатты қымбат", - деді топтың Alem атты әншісі.