Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек», - А. Оралов

13.07.2023ж. 20:00
603
«Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек», - А. Оралов

«Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек»: Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ойын бизнесі мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді. Министр бүгінгі таңда елімізде букмекерлік кеңселердегі жағдай түзеліп келе жатқанын айтты. Соңғы 2,5 жылда олардың саны 38-ден 16-ға дейін азайған. Қазір 4 букмекерлік кеңсенің лицензиясының күшін жою бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жыл басынан 5 лицензия қайтарып алынды, - деді.

Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек.