Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Букмекерлік кеңселерге бақылау күшейеді. Министр құмар ойындардың жарнамасы туралы айтты

AstanaTV
13.07.2023ж. 18:18
609
Букмекерлік кеңселерге бақылау күшейеді. Министр құмар ойындардың жарнамасы туралы айтты

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ойын бизнесі мәселелері бойынша аппараттық кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күн тәртібіндегі басты тақырып - лудоманиямен күрес.

Асхат Ораловтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Министр бүгінгі таңда қала көшелерінде елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұрғанын атап өтті.

Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Қажет болса, букмекерлер өздерінің жарнамаларын тек демеушілік ететін спорттық іс-шараларда және өз кеңсе ғимараттарына ғана орналастыра алатындай етіп заңнаманы күшейтетін боламыз. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек,- деді Асхат Оралов.