Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Криштиану Роналду тағы да Гиннестің рекордтар кітабына енді

AstanaTV
15.07.2023ж. 09:28
4211
Криштиану Роналду тағы да Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Аль-Насра» футбол клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спортшының жылдық кірісі бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

2023 жылы Криштиану Роналду 136 млн доллар пайда тапты. Бұл көрсеткіш бойынша ол «Интер Майами» мен Аргентина құрамысының форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Өткен жылы «ПСЖ» құрамында ойнаған Месси бір жылда 130 млн долллар тапқан болатын.

Криштиану Роналдудың жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның кірісінің ішінде тек клубтан түскен қаржы ғана емес сонымен қатар көптеген милллиондарды құрайтын демеушілік келісімшарттар да кіреді.