Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сауль Альварес Геннадий Головкинді 2017 жылы кездесетін қарсыластарының кестесіне қосты

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
1967
Сауль Альварес Геннадий Головкинді 2017 жылы кездесетін қарсыластарының кестесіне қосты

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен келер жылы қолғап түйістірмек ниетте. Мексикандық былғары қолғап шебері өзінің 2017 жылғы кездесулер кестесіне Головкинмен қатар Билли Джо Сондерсті де қосып қойған. WBO  тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион американдықпен мамыр айында, ал қазақстандықпен қыркүйекте кездесу өткізем деп жоспарлап отырған көрінеді. Негізі оның «трипл G»-мен кездесуі биыл болуы мүмкін еді, алайда, «Канело» өзінің чемпиондық белдігін шаршы алаңда жүздеспестен берген болатын.

Енді жерлесіміз шаршы алаңға тек 2017 жылы шығады деп жоспарланған. Себебі WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион, американдық  Дэниэл Джейкобстің менеджерлерімен келісім тым ұзаққа созылып жатыр.