Соғыс
ардагерлеріне бюджеттен берілетін бір реттік жәрдемақыға биыл 2,5 млрд теңге
бөлініп отыр. Ақшалай сыйақыны қарттар 9 мамыр қарсаңында алады. Бұл туралы Ақордада Жеңістің 71 жылдығын мерекелудің
дайындығы талқыланған жиында айтылды. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара
Әбдіхалықова төрағалық етті.
Қазір елімізде 3668 Ұлы Отан соғысының
ардагері бар. Сондай-ақ, 22 мыңнан астам адам - осы санатқа теңестірілгендер.
Қарияларға үй беру бағдарламасы да жалғасуда. «Қазақстан ардагерлері ұйымы»
орталық кеңесінің дерегінше, былтыр Алматы мен Маңғыстау облыстарында 133 пәтер
табысталды. Мемлекет көмегімен ескі баспанасына күрделі жөндеу жұмысын
жасатқандары да бар.
Тамара
Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:
Бүгінгі
таңда облыс әкімдерінің ақпаратына сүйенсек, 540 млн астам теңге осы кісілерге
жұмсалды. Оның ішінде 141 миллионы коммуналдық төлемдерді төлеп беруге өз
уақытысында кетсе, 320 млн жуық теңге олардың бір реттік жәрдемақы ретінде,
сонымен беріге 15 мыңға жуық осы санаттағы азаматтарға көлікпен тегін жүру
мәселелері қарастырылып жатыр.
Құралай ПИОНЕР