Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Таразда алғашқы қардан құлаған ағаштар әлі күнге тазаланып бітер емес

AstanaTV
21.10.2016ж. 20:00
2498
Таразда алғашқы қардан құлаған ағаштар әлі күнге тазаланып бітер емес

Таразда сулы қардан құлаған ағаштардан тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Осыдан апта бұрын аймаққа алғашқы қар түскен еді. Қалың қардан Тараз қаласынан бөлек, Байзақ және Жамбыл аудандарының халқы 5 күн бойы жарықсыз қалды. Бір ғана облыс орталығында 16 мыңға жуық абонент электр қуатынан қағылған еді. Ал жапалақтап жауған қардан жапырағы түсіп үлгермеген талдар жаппай жапырылып қалды. Шамамен 10 мыңнан аса ағаш құлаған.

Гүлбахрам Дүйсекова, Тараз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Табиғи апаттың салдырын жою үшін, қалада қазір 3800-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Одан кейін 264 техника жұмыс істеуде. Бірінші кезекте қазір қаланың басты көшелері тазалануда. Құдай қаласа, осы апта бітіреміз деп отырмыз, 3 күнде бітетін боп қалды. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ