Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Павлодарда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 270 отбасы қоныс тойын тойлады

AstanaTV
20.10.2016ж. 20:00
2197
Павлодарда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 270 отбасы қоныс тойын тойлады

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, бүгін Павлодарда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 270 отбасы қоныс тойын тойлап, мәз-мейрам. Жаңа пәтерлердің кілтіне тұрғындар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ұсынған жоба арқылы қол жеткізіп отыр. Айта кетері, қоныс тойын тойлағандардың дені жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен бюджеттік және мемлекеттік қызмет өкілдері. Сондай отбасылардың бірінің бүгіні мен кешегісін тілшіміз баяндайды.

Мынаны айналдырып көрсең. Сен үйрендің ғой екі қолмен айналдыруды, иә?

Ерсұлтан - отбасының үлкені. Анасының айтуынша, өте зерек. Тек ауруына байланысты қатарластарымен ойнап-күле алмайды. «Сал» диагнозымен туған ол арнаулы мектепте оқиды. Бірақ үш баланың анасы Айгүл үшін басты мәселе - баспана. Пәтер жалдағанына алты жылдан асыпты.

Айгүл Жүнісова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Тапқан табыстың көбі осы пәтер жалдауға кетеді. Одан басқа тамақ, киім, тағы басқа шығындар бар ғой?!

Бүгін Айгүл Жүнісова үшін ерекше күн. Ол «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ ұсынған жоба аясында жаңа пәтердің кілтін алды. Қоныс тойын тағы 270 отбасы атап өтуде.

Жанболат Құрманбаев, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ қаржылық бақылау басқармасының басшысы:

Сәтбаев көшесінде 270 пәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға берілуде. Алдағы уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осындай тұрғын үй құрылысы жұмысы жалғасын табатындығына сенім білдіремін.

Үш балалы ананың жаңа пәтері екі бөлмелі. Жарық, кең, ең бастысы ұлы Ерсұлтан үшін ыңғайлы, үшінші қабатта орналсқан.

Ооо, қандай кең асхана! Анда алақандай болатын. Ал бұл жер ол жақтағы кухнядан екі есе үлкен! Солай ғой?!

Биыл "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ел бойынша 326 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бермек. Баспаналар «Нұрлы жол» және «Аймақтарды дамыту - 2020» бағдарламасы аясында салынып жатыр. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ