Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Новак Джоковичке айыппұл салынды

AstanaTV
18.07.2023ж. 09:57
872
Новак Джоковичке айыппұл салынды
Сурет: wimbledon.com

Сербиялық теннисші Новак Джоковичке Уимблдонның финалындық матчындағы әрекеті үшін 8 мың доллар айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Газета.RU журналист Майк Диксонға сілтеме жасап жазды. Испаниялық теннисші Карлос Алькарас бесінші сетте брейк жасады. Осыдан кейін есеп 3:1 болып, Алькарас алға шықты, осы кезде Джокович ракеткасын тордың тіреуіне соғып, оған із қалдырған. Бұл әрекеті үшін сербиялық спортшы матчтың төрешісінен ескерту алды. Оның ракеткасы жарамсыз болып қалды.

Матч 1:6, 7:6, 6:1, 3:6, 6:4 есебімен испаниялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде Алькарас 1, ал Джокович 2-орында тұр. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеді.